Көкшетауда 6 күн бойы із-түзсіз кеткен әйел мен сәби табылды

Көкшетауда 20 қарашада үйден шығып, байланыссыз қалған 32 жастағы әйел мен оның кішкентай қызы алты күннен кейін аман-есен табылды. Ақмола облыстық полиция департаменті оқиғаның мән-жайын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полицияға әйелдің туыстары арыз түсіргеннен кейін іздеу жұмыстары дереу басталған. Құқық қорғаушылар әйелдің жақын ортасын тексеріп, куәгерлерден жауап алды. Іздеуге еріктілер де қосылып, әлеуметтік желілерде ақпарат таратты. 

26 қараша күні «Lider.kz» еріктілерінің көмегімен ювеналды полицияның аға учаскелік инспекторы Нәзира Тұрсимбаева жоғалғандардың болуы мүмкін мекенжайы туралы хабар алып, жедел жеткен. Пәтерде әйелдің таныстары тұрғаны анықталды, сол жерден ана мен бала табылған. 

Қазір қыз бала ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тексеріп, денсаулығына қауіп жоқ екеніне көз жеткізбек. 

Полиция еріктілерге және бейжай қарамаған тұрғындарға алғыс білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақмола облыстық ПД
Өзгелердің жаңалығы