Көкшетауда 5 мыңнан астам зейнеткер тегін жол жүру карталарын алды
Көкшетау қаласының әкімдігі зейнеткерлік жастағы адамдарға анықтамалар беру бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақмола облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың қаңтар айынан бастап Көкшетау қаласының зейнеткерлері қала ішіндегі қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігін алды. Бұл жоба зейнеткерлерге қажетті орындарға, медициналық мекемелерге, дүкендерге немесе әлеуметтік мекемелерге оңай және тегін баруға мүмкіндік береді.
Жыл басынан бері 10 847 анықтама берілді, оның ішінде 5 266 зейнеткер "Көкше Bus Tөlem" жүйесінде өз карталарын алып, тегін жол жүру құқығын пайдалана алады.
Әлеуметтік қызметкерлер мен қалалық еріктілер ұйымдастырған көшпелі іс-шаралардың маңызы зор. Олар зейнеткерлік жастағы адамдардың кең ауқымын қамтиды, бұл анықтамалар мен жол жүру карталарын мұқтаж адамдарға тиімді және жедел түрде беруге мүмкіндік береді. Әлеуметтік қызметкерлер мен еріктілер 27 зейнеткерге анықтама алуына көмек көрсетті.
Бүгін тегін жол жүру картасы үшін анықтама алуға келдім. Бізге осындай қолдау көрсетіп жатқандығына қуаныштымын. Әкімдікке осындай бастамасы үшін алғыс айтамын, – деп атап өтті Көкшетау қаласының тұрғыны.
Кеңес алу үшін 8 716 2 29-81-00, 8 716 2 29 81 08 нөмірлеріне хабарласа аласыздар немесе Шалқар көшесі 9 А, операциялық зал, 1, 2, 3 терезелеріне жүгінуге болады.