Көкшетауда 343 млн теңгенің жері мемлекетке қайтарылды
Көкшетау қаласының прокуратурасы жалпы құны 343 млн теңгені құрайтын жерлер мемлекет кірісіне қайтарылды
Көкшетау қаласының прокуратурасы заңсыз жер учаскелерін беру фактілерін анықтау бойынша талдауды тұрақты негізде жүргізуде.
Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Көкшетау қаласы прокуратурасы қабылдаған шаралар нәтижесінде жалпы алаңы шамамен 13 га, құны 343 млн теңгені құрайтын жер учаскелерін заңсыз беру фактілері анықталды. Атап айтқанда, талдау нәтижесінде жергілікті атқарушы органдар аталған жер учаскелерін Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабын бұза отырып (сауда-саттықсыз) берілген, – деп мәлімдеді Ақмола облысының прокуратурасы.
Прокурорлық қадағалау шаралары нәтижесінде заңсыз берілген жерлер мемлекет кірісіне қайтарылды.
Жер учаскелерінің берілуінің заңдылығы мен мақсатты пайдаланылуы прокуратура органдарының бақылауында.
Айта кетейік, бұған дейін Ақмолада 121 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған еді.