Көкшетауда 300 домбырашы күй тартты
Ақмола облысы бойынша халық шығармашылығы байқауына 70 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Көкшетауда облыстық Абылай ханның 310 жылдығына арналған, Құрманғазы Сағырбайұлы 205 жылдығы, Ақан сері Қорамсаұлы 180 жылдығы арналған «Ақмола жұлдыздары» көркемөнерпаздар халық шығармашылығы байқауының қорытынды кезеңі өтті.
Жыл сайынғы жаппай жобаға 70 мыңға жуық адам, 276 ауылдық округ пен 3 қала, аудандық концерттерге 16 мыңнан астам қатысушы қатысты. Олардың үздіктері облыс орталығындағы гала-концертте өнер көрсетті.
Ауқымды шара Абылай хан алаңында «Гүлдей құлпырған Қазақстан» хореографиялық композициядан және «Ел ұраны - Абылай» театрландырылған қойылымнан басталып, "Көкшетау" мәдениет сарайына дейінгі аллеяда сәндік өнер шеберлерінің көрмесімен шығармашылық зертханамен жалғасып, мәдениет сарайының алдында Қорғалжын ауданының "Әжелер" жиынтық ансамбльдері мен Біржан Сал ауданының, Ақкөл, Ерейментау, Целиноград, Аршалы және Атбасар аудандарының 300 домбырашы күйі тарты.
Концерт бағдарламасына өңір солистері мен ұжымдарының орындауындағы үздік шығармашылық нөмірлер кірді. Сондай-ақ, сахнада мемлекеттік тапсырыс аясында шығармашылық үйірмелерде айналысатын балалардың жетістіктері көрсетілген.
Іс-шараға Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Евгений Кочетов, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Жібек Багисова, шығармашылық зиялы қауым, мәдениет және өнер саласының өкілдері және т.б. қатысты.
Облыс әкімі Ермек Маржықпаев құттықтау сөзінде мәдениетті дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Өркениетті ұлт, ең алдымен тарих, өнер және әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен бағаланады. Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей,"ел идеологиясын жандандыруда мәдениет қызметкерлерінің еңбегі маңызды". Ел идеологиясын жандандыруда мәдениет қызметкерлерінің еңбегі маңызды". Мәдениеттің жоғары мәртебесі-мемлекет тәуелсіздігінің белгісі және біздің облыс еліміздегі ең ірі мәдени орталықтардың бірі болып танылады. Бүгінде облыста өнердің барлық сегменттері жұмыс істейді, клубтар, кітапханалар, мұражайлар, театрлар, филармония және басқа да нысандар жұмыс істейді. Саланы қаржыландыруға және инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Тек соңғы 5 жылда 90 ға жуық мәдениет нысаны жөнделді, - аймақ басшысы атап өтті.
Іс-шара барысында бірқатар сала қызметкерлері мәдениет және спорт министрлігінің ведомстволық наградаларымен, Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
Облыстық халық шығармашылығы байқауының қорытындысы бойынша үшінші орынды Бұланды, Ақкөл, Аршалы, Сандықтау аудандары, екінші орынды Зеренді, Атбасар аудандары иеленді. Бірінші орынды Қорғалжын, Бурабай аудандары мен Көкшетау, Степногорск қалаларының мәдениет ұйымдары иеленді. "Шевроле Кобальт" автокөліктері Қосшы қаласының, Ерейментау және Целиноград аудандарының шығармашылық ұжымдарына Гран - при және бас жүлделер берілді.