Көкшетау тұрғыны жұмыс орнында тоққа түсіп қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетау тұрғыны жұмыс орнында тоққа түсіп қалды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

20 маусымда Есіл АПБ кезекші бөліміне жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшерінен салынып жатқан нысандардың бірінде жұмысшы тоқ соққысынан қаза тапқаны туралы хабарлама келіп түсті. Ол Көкшетау қаласының 33 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. 

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы қаза тапқан ер адамның бетон араластырғыш машинаны тазалау кезінде өмірмен үйлеспейтін ток соққысын алғанын анықтады. 

Тергеу бөлімі аталған факті бойынша ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігі (Қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. 

Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы