Көкшетау тұрғыны синтетикалық есірткі сақтағаны үшін 4 жылға сотталды
Көкшетау қалалық сотында аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды сақтағаны үшін қала тұрғынына қатысты ашық сот отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Азамат «К» «Telegram» мессенджері арқылы шартты жерде «бетбелгі» түрінде қалдырған психотроптық заттарды сатып алғаны анықталды.
Сол жерде азамат «К» психотроптық заттарды қолданып, екінші «бетбелгі» іздеуге шығып, полиция қызметкерлерімен ұсталды.
Ұсталған кезде азамат «К» есірткілік масаң күйінде болған.
Сот азамат «К» кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа режимдегі түзеу мекемесінде өтеу туралы үкім шығарды.
Сонымен бірге сот азамат «К» нашақорлықтан емделуді де тағайындады.
Жастар арасында есірткі қолданудың алдын алу мақсатында сот отырысына студенттер тыңдаушы ретінде қатысты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы