Көкшетау қаласының тұрғыны вейптерді сатқаны үшін сотталды

Көкшетауда электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді) сатумен айналысқан азаматшасына қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көкшетау қаласының тұрғыны электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді) сатуға тыйым салынғанына қарамастан, оларды Көкшетау қаласының аумағында сатқаны анықталды.

Сот үкімімен азаматша Қылмыстық кодекстің 301-1-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 50 АЕК (184 600 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Үкім заңды күшіне енді.

Қылмыстық кодекстің 301-1-бабына сәйкес шегілмейтін темекі бұйымдарын, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы үшін қылмыстық жауаптылықтың қарастырылғанын ескертеміз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы