Көкшетау полицейлері аса ірі көлемде синтетикалық есірткі сақтаған күдіктіні ұстады
Құқық қорғау органдары жалдамалы пәтерге кіріп келгенде ұсталған адам психотроптық заттарды өлшеп-ораумен айналысып жатқан, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Оралған есірткі жасырушылардың қолына түсіп, кейін облыс орталығының аумағында таратылуы тиіс болған. Ұсталған адам уақытша жалға алған пәтерді тінту кезінде жедел уәкілдер "трамадол" препаратының 18 пластинасын және "тропикамидтің" 16 ампуласын тауып, тәркіледі. Сонымен қатар тәртіп сақшылары салмағы 200 грамнан асатын ақ-сары түсті ұнтақты тапты.
Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді. Полицейлер анықтағандай, 26 жастағы ақмолалық біраз уақыт Көкшетау қаласында есірткі заттарын жасырумен айналысқан. Кейінірек ол "жоғарылауға" ие болып, міндеті тауарды алу және синтетиканы пакеттерге орап, есірткі жасырушыларға тапсыру болды. Тәртіп сақшылары пәтерден электронды таразылар мен қалташалар тапты. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордалық полицейлер азаматтардың кезекті жиынын өткізді
Келесі жаңалық
Қазақстанда жыл басынан бері 12 мыңға жуық сайт бұғатталды
Өзгелердің жаңалығы