Көкшетауға блок-бекеттер орнатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19-дың таралуын тежеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы, Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды.

Ведомствоаралық комиссия төрағасы облыстағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында биыл 9 қарашадан бастап бірқатар шектеу шараларын қабылдады, атап айтқанда: 

• Көкшетау қаласының периметрі бойынша блок-посттар орнатуды; 

• күн сайынғы өсімі 10-нан астам жағдайды құрайтын елді мекендерде санитарлық блок-посттар орнатуды; 

• Көкшетау-Алматы, Көкшетау-Ақтау бағыттары бойынша әуе қатынасын аптасына 2-ден 1 рейске дейін қысқартуды; 

• Көкшетау-Қызылорда бағыты бойынша теміржол тасымалдарын аптасына 7-ден 3 ретке дейін қысқартуды; 

• жолаушылар темір жол құрамдарының облыс ішінде аялдауына тыйым салуды (облыс әкімдігі белгілеген жерлерді қоспағанда); 

• діни объектілердің, театрлардың, кинотеатрлардың, мәдениет объектілерінің қызметін тоқтата тұруды; 

- жұмыс күндері үй-жайлардағы қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысын бір мезгілде 30-дан аспайтын келушілер болған жағдайда, 30-дан кем орындық объектілер үшін есептік орындардың 50%-ынан аспайтын жағдайда сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін, жұмыс режимін қысқарта отырып шектеуді; 

- жұмыс күндері сауда үйлерінің, сауда орталықтарының, көлемі 500 шаршы метрден астам азық-түліктік емес дүкендердің жұмысын сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін шектеуді; 

- стратегиялық объектілер мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің өндірістік процесті қамтамасыз ететін жұмыскерлерін қоспағанда, облыс елді мекендерінің аумағы бойынша тұрғындардың қозғалысын сағат 23:00-ден сағат 06:00-ге дейін шектеуді; 

- 65 жастан асқан адамдарға азық-түлікті, бірінші кезекте қажетті тауарларды, дәрі-дәрмектерді және медициналық бұйымдарды сатып алу жағдайларын қоспағанда, аса қажеттіліксіз тұрғылықты жерінен шықпауды ұсынуды; 

- қызметкерлердің кемінде 80%-ын қашықтан жұмыс істеу режиміне көшіруді; 

- офлайн режимде кеңестер өткізуге тыйым салуды тапсырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы