Көкшетау әуежайының директоры тағайындалды
"Н. Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ басқарма төрағасы Дәулет Хамзин "Көкшетау қаласының халықаралық әуежайы" АҚ жаңа директоры Марат Хасеновті Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевқа таныстырды, де хабарлайды BAQ.KZ.
Хасенов Марат Жұмажанұлы, 2007 жылы "Азаматтық авиация академиясы" АҚ бітірген. Еңбек жолын 2006 жылдан бастап Алматы қ. Халықаралық әуежай" АҚ тексеру қызметінен бастады
2007 жылдан 2009 жылға дейін - "Эйр Астана" АҚ түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2009 жылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі әуежайлар басқармасының бас сарапшысы болды. 2015 жылы "Петропавл қаласының халықаралық әуежайы" АҚ директоры болып тағайындалды. 2020-2021 жылдары "Turkistan International airport" ЖШС директоры болды. 2021-2022 жылдары - "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ инфрақұрылым департаментінің директоры.
Айта кетейік, бүгінде Көкшетау қаласының әуежайында "СКАТ" АҚ - ның Ақтау қаласына тұрақты авиарейстері - аптасына 2 рейс және "QAZAQ" АҚ-ның Алматы қаласына аптасына 3 рет рейстері орындалады.