Көкпекті ауданында қамыс өрті оқшауланды
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Көкпекті ауданында қамыс өрті оқшауланғанын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елді мекендерге қауіп жоқ. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Ғарыштық түсірілім бойынша өртенген учаскенің ауданы шамамен 910 га құрады, қатты түтінге байланысты ауданы нақты емес, - деп жазылған хабарламада.
Өрт тек қолжетімді жерлерде қол құралдарымен сөндірілді. Қарама-қарсы өртеу әдісі де қолданылды.
Өртті сөндіруге Абай облысы ТЖ департаментінің және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыдан 83 км қашықтықта жер сілкінді
Келесі жаңалық
2026 жылы Каспий теңізін тереңдету жұмыстары басталады
Өзгелердің жаңалығы