Көкпаршылар келесі Көшпенділер ойындарына қатысады

Бұл туралы бас бапкер Ақылбай Манкеев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бас бапкер ойын әділетсіз өтті дегендерге қатысты пікірін білдірді. 

Ойын барысында түрлі жағдайлар орын алады. Біздің жігіттерде мынандай қасиет бар. Ойында төреші фиксация жасамаса олар айтпайды. Біздің де жігіттердің қолынан ұрып жатқан кездері болды. Ешкімге ештеңе айтқан жоқ,- деді бас бапкер Ақылбай Манкеев.

Сондай-ақ, БАҚ өкілдерінің келесі Көшпенділер ойындарына ұлттық құрама қатыса ма? деген сауалына да жауап берді. 

Алла қаласа қатысады. Бір адамға бір адам қамшы көтерді екен деп мемлекеттің арасын бұзып жіберуге болмайды,- деді бас бапкер.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы