Көкпардан ҚР жастар чемпионатының жеңімпазы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен Қызылорда облысында өтіп жатқан 2000-2003 жылдары дүниеге келген жастар арасындағы ел чемпионаты аяқталды.
Көкпар сайысана еліміздің түкпір-түкпірінен келген 12 команда өзара мықтыны анықтады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін үшінші-төртінші орындар үшін және финалдық кездесу өтті.
Жүлделі үшінші және төртінші орындар үшін оңтүстіктің екі командасы – Түркістан облысы мен Шымкент қаласының құрамалары бақ сынаған болатын. Тартысты өткен додада Шымкент қаласының құрамасы үшінші орынға табан тіреді. Осы орайда жастар арасында қара үзіп алға шығып, салымды болған жігіттерді таныстыра кетейік.
Түркістан облысы құрамасының салымшы жігіттері:
Сансызбай Нұрсұлтан – 1 салым
Қалтаев Наурызбай – 2 салым
Полат Саттархан – 1 салым.
Сонымен Түркістан құрамасы 4 салыммен 4-орынға тұрақтады.
Ал Шымкент шабандоздары арасында;
Дайырбек Нұрбақыт – 2 салым
Тайырбеков Саржан – 1 салым
Сұлтан Нұрғиса – 1 салым
Ақжігітов Әли – 1 салым
Аманжол Нұрдәулет – 2 салым.
7 салым салып үлгерген шымкенттік жігіттер чемпионаттың үшінші орнына табан тіреді.
Жамбыл облысы «Әулие ата» жастар құрамасы мен Алматы қаласы жастары арасында өткен финалдық бәсеке де өте тартысты өтті. Командалық көпардың үлкен мектебін қалыптастырып үлгерген әулиеаталық жастар бұл жолы да өз шеберліктерін таныта алды. Есеп – 10:1, «Әулие ата» жастар құрамасының еншісінде.
Алматы құрамасының қоржынына түскен 1 салымды Әбдірәсіл Әліби салды.
Ал «Әулие атаның» салымшы жігіттері төмендегідей:
Мәлімбай Ернат – 1 салым,
Рәт Бекзат – 1 салым
Шәкір Бекзат – 2 салым
Жақсылық Ерғалым – 4 салым
Әтібек Есім – 1 салым
Сүйіндік Аңсар – 1 салым.
Сонымен XV рет өткен Қазақстан Республикасы Жастар чемпионатының жеңімпазы – Жамбыл облысы «Әулие ата» құрама командасы болды. Екінші орында Алматы қаласы, үшінші орында Шымкент қаласы, төртінші орынды Түркістан облысы түйіндеді.