Көкпар мен аударыспақтан жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық спорт қауымдастығы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аударыспақ пен көкпардан ел чемпионатын өткізді.

2004-2006 жылы туған жасөспірімдер арасындағы көкпардан – ІХ, аударыспақтан – ІХ Қазақстан Республикасы чемпионаты Алматы облысы Қарасай ауданында өтті.

3 қарашада жалауын желбіреткен дүбірлі додада көкпардан еліміздің түкпір-түкпірінен келген 8 команда бақ сынаса, аударыспақтан 7 салмақ дәрежесі бойынша құрыш білек, тас тақым жігіттер сынға түсті.

Топтық ойын ережесімен өткен көкпарда Алматы қаласының құрама командасы І орынды иеленсе, ІІ орында Шымкент қаласының жеткіншектері бар. Ал үздік үштікті Түркістан облысының жас берендері иеленген екен.

Бір аптаға жалғасқан ұлттық спорт бәсекесінде аударыспаққа қатысқан жастардың да бәсі жоғары болды.

42 келі салмақта:

І орын: Өткелбай Диас (Түркістан облысы)

ІІ орын: Қайыржан Ерлік (СҚО)

ІІІ орын: Олжабай Қанат (Қызылорда облысы)

ІІІ орын: Ахметжан Ұлан (Алматы облысы)

 48 келі салмақта:

І орын: Тұрсынхан Нұрсұлтан (Түркістан облысы)

ІІ орын: Тұрғанбек Бағдат (Қызылорда облысы)

ІІІ орын: Мұсабек Назарбек (Павлодар облысы)

54 келі салмақта:

І орын: Оспан Нұрасыл (Түркістан облысы)

ІІ орын: Тұрмахан Әлібай (Қызылорда облысы)

ІІІ орын: Жеткізген Бақытжан (Маңғыстау облысы)

ІІІ орын: Ермекбай Әділхан (Павлодар облысы)

 59 келі салмақта:

І орын: Аубек Байғали (Түркістан облысы)

ІІ орын: Қабдыраш Қанағат (Қарағанды облысы)

ІІІ орын: Бағдат Алмас (Павлодар облысы)

ІІІ орын: Тұрлан Мерей (Алматы облысы)

 65 келі салмақта:

І орын: Айтбай Бекзат (Түркістан облысы)

ІІ орын: Жеңіс Батырлан (Қарағанды облысы)

ІІІ орын: Әуелхан Дархан (Алматы облысы)

ІІІ орын: Камалжан Әбдімажит (Алматы қаласы)

 69 келі салмақта:

І орын: Сайлау Мұхаммеджан (Түркістан облысы)

ІІ орын: Нұрпейіс Бірлік (Алматы облысы)

ІІІ орын: Сейілханов Дінмұхамбет (Қостанай облысы)

ІІІ орын: Шахметов Дамир (СҚО)

 +69 келі салмақта:

І орын: Оразымбетов Далер (Алматы облысы)

ІІ орын: Құрбанғалиұлы Нартай (Қызылорда облысы)

ІІІ орын: Қонай Жармұхамед (Түркістан облысы)

ІІІ орын: Бекібаев Диас (Маңғыстау облысы).

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы