Көкбөріден Қазақстан құрамасы АҚШ-қа еш мүмкіндік бермеді

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы АҚШ-тың ковбойларымен бақ сынасты. Жарыс Қазанат ипподромында өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бірінші таймнан-ақ қазақстандық көкпаршылар басымдық көрсете бастады. Ал, екінші тайм аяқталғанша жерлестеріміз есепті 10-0 жеткізді. Ал, соңғы таймда Қазақстан құрамасы жауапсыз 18 салым салды.

Еске салайық, көшпенділер ойындарында көкпарға 9 мемлекеттің құрамасы қатысып жатыр. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы сынға түседі. Финалдық ойындар 12 қыркүйекте өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы