Қоқан-лоқы көрсеткен. Грузияда қазақстандық бойжеткеннің денесі табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грузияда 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтбаева жұмбақ жағдайда қайтыс болды.
Ақпаратты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мен Грузияның ІІМ өкілдері растады, - деп хабарлады Хабар 24 телеарнасы.Әселдің әпкесінің сөзінше, ол қайтыс боларының алдында құрбысына аудиохабарлама жіберіп үлгерген көрінеді.
Аудиода белгісіз ер адам оған қоқан-лоқы көрсетіп жатқаны естілген.
Әпкесінің айтуынша, Әсел Айтбаеваны туысқандарының бірі сәуір айында Грузияда жұмыс істеуге шақырған екен.
Марқұм осыдан бірнеше күннен бері байланысқа шықпаған. Әселден соңғы хабарлама 5 мамырда кешке келген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда ТЖД құтқарушыларының аллеясы пайда болды
Өзгелердің жаңалығы