Көк түрік тарландары. Алматыда әмбебап жекпе-жектен Қазақстан кубогы өтіп жатыр

Алматыда «Unifight әмбебап жекпе-жектен» ерлер және әйелдер арасындағы Көк түрік тарландары атты Қазақстан Республикасының Кубогы өтіп жатыр, деп хабарлады BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Денсаулық кілті – дене шынықтыру. Бұқаралық спортқа, балалар спортына барлық жағдайды жасау қажет. Облыс әкімдері спорт инфрақұрылымының кезең-кезеңімен құрылуын қамтамасыз етуі керек» деген еді.

Байрақты бәсеке AMANAТ партиясының, «QAZAQSTAN ARDAGERLERI» қауымдастығының, Унифайт әмбебап жекпе-жек федерациясының, Мәдениет және спорт министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіліп отыр. 

Қазақстан кубогына Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан, Алматы, Жетісу, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Маңғыстау облыстарынан құрама командалар қатысып жатыр.

Жарыс толығымен демеушілер қаражатына өткізіліп отыр. Оның  ашылу салтанатында 200 десантшы өнер көрсеткен.

Жарыс ертең жалғасады. 

Бұл дүбірлі дода арқылы біз болашақ Отан қорғаушыларымызды, Қарулы күштеріміздің жауынгерлерін дайындап жатырмыз, - деді салтанатты жиынға қатысқан Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы