«Көк Төбеге» дейінгі жаяу жүргіншілер жолы қолданысқа қашан беріледі?
Ұзындығы 1,2 км болатын жаяу жүргіншілер жолын жайластыру жұмыстары қараша айында аяқталмақ, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.
Жеке қаражат есебінен биыл қыркүйек айының басында «Көк Төбе» паркіне дейінгі ұзындығы 1,2 км жаяу жүргіншілер тротуарын жайластыру жұмыстары басталды. Бүгінде жолды кеңейту жұмыстары жүргізіліп, жиектастар, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылады. Аяқталу мерзімі – осы жылдың қараша айы, – деді қала әкімі Ерболат Досаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматының «Көк базарында» модернизациялау жұмыстары басталды
Өзгелердің жаңалығы