«Көк-төбе» телемұранасының ғимаратын басып алуға оқталған азамат анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туалы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-дағы брифингте айтты.
6 қаңтарда Алматыда «Көк-төбе» телемұранасының ғимаратын басып алуға оқталған бұл оқиғалардың басқа қатысушысы анықталды.Стратегиялық нысанды басып алудың негізгі мақсаты - жалған ақпарат тарату арқылы азаматтардың көшеге шығуын үгіттеу үшін теледидар мен радиоарналардың жұмысын бақылау болған, - деді ол.
Қилымжанов атағандай, құқықтық тәртіп күштері стратегиялық нысанды басып алуға жол бермеді.
Күдікті адам соттың санкциясымен қамауда.Осы қалада «Анна» қару-жарақ дүкенін тонаушыларының 3 қатысушысы ұсталды, олар 5 қаңтарда «Лексус» маркалы автокөлігімен Алматы қаласы «Республика» алаңының алдына ұрланған қаруларды таратқан.Бас прокуратура «фейк» деп аталатын жалған ақпаратты таратқаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы бірнеше рет ескертті, - деді ол.
Оның айтуынша, Ақмола облысында осындай істердің бірі бойынша 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындаумен үкім шығарылды.