2,7 млн қазақстандық көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Сарыарқа» магистралды газ құбырының құрылысында екі мыңнан астам адам жұмыс істейді. Бұл туралы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Қараөзек» (Қызылорда облысы) – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау –Нұр-Сұлтан бағыты бойынша «Сарыарқа» газ құбырын салу жобасы «КазМунайГаз» АҚ, және «Baiterek Venture Fund» АҚ – сенімді басқарушы компаниялар арқылы («Казына Капитал Менеджмент» АҚ құрылымынан) «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес компаниясы болып табылатын «АстанаГаз КМГ» АҚ іске асырылады.
Құрылыстың жалпы құны 267,3 млрд теңге құрайды, оның ішінде 80,3 млрд теңге акционерлерге тепе-тең негізде берілді, 187 млрд теңге «АстанаГаз КМГ» АҚ облигацияларының екі шығарылымын орналастыру арқылы тартылды. Облигациялардың бірінші шығарылымының инвесторлары «БЖЗҚ» АҚ және бірнеше сақтандыру компаниялары болды. Облигацияның екінші шығарылымы 2017 жылдың 4 шілдесінде орналастырылды, онда инвесторлар Еуразия даму банкімен бірлесіп «Қазақстан Даму Банкі» АҚ болды.
Жобаны іске асыру Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың 5 наурызындағы халыққа арналған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» жолдауын іске асыру мақсатымен басталды. Құрылыстың аяқталуы 2019 жылдың соңына жоспарлануда.
"2019 жылдың 21 наурызында «Сарыарқа» газ құбырының құрылысы шеңберінде дәнекерлеу жұмыстары басталды. Қазіргі сәтте шамамен 550 км құбыр дәнекерленді, бұл барлық газ құбырының 50%-дан астамын құрайды", - делінген баспасөз хабарламасында.
Газ құбырының құрылысымен 2,7 млн адамға дейін халық санымен 171 елді мекенді көгілдір отынмен кезеңмен қамтамасыз ету мүмкіндігі жасалды. Құрылыс кезеңінде 2 мыңнан астам жұмыс орны, ал пайдалану уақытында – шамамен 190 жұмыс орны құрылады.
Жобаның үлкен әлеуметтік-экономикалық әсері бар. Кәсіпорыннан жобаның жоспарлық қуатқа шығуы кезінде жыл сайын ел экономикасына кемінде 1,9 млрд теңге салық түсімдері, Нұр-Сұлтан қаласының және газ құбыры трассасының бойында басқа елді мекендердің экологиялық жағдайын жақсарту қарастырылған.
Атап айтқанда, 2024 жылға дейін ластаушы заттардың шығарынды көлемін 6 мын тоннаға қысқарту күтілуде. Бұдан басқа, жобаның арқасында осы елді мекендердің инфрақұрылымы дамитын болады