Қоғамдық көліктің төбесінде отшашу ұйымдастырған бұзақылар ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бостандық аудандық полиция Басқармасының мәліметінше, бұзақылық әрекеттерге қатысушылар анықталды және ұсталды.
Баяндамашы өз кезегінде, қоғамдық көлік жолаушыларына нақты қауіп төндірген жастардың мұндай келеңсіз әрекеттерінің шынайы себебін тергеудің анықтайтынын атап өтті. Айтпақшы, автобус төбесінен секірген бұзақылыққа қатысушылардың бірі, басынан жарақат алды.Олар барлығы төртеу. Бастапқыда әрқайсысының рөлдері тағайындалған. Біреуі қоғамдық көлік жүргізушісінің назарын аударса, екіншісі - ұялы телефон камерасына не болып жатқанын түсіріп жатқан, тағы екеуі - тікелей орындаушылар, олар қоғамдық көліктің төбесіне шығып, отшашу ұйымдастырған. Олардың арасында кәмелетке толмағандар да бар. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293 бабы бойынша қылмыстық іс тергелуде. Сонымен қатар, бұзақылардың әрекетінде ҚР ӘҚбК-нің 436 бабында көзделген құқық бұзушылық белгілері бар, - деді аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Думан Аухадиев.