Қоғамдық бақылаушылар қоймадағы қорды көрді

Атырау, BAQ.KZ тілшісі . Атыраудағы медициналық мекемелер мен қоймалардағы дәрі-дәрмектердің мөлшерін әлі де толықтыру қажет. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті, «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қызметкерлері және қоғам белсенділерінен құрылған жұмыс тобы арнайы бақылау жүргізді. 

Денсаулық сақтау басқармасы басшыларының сөзінше емдеу орындарындағы науқастарға қажетті препараттар уақытылы жеткізіліп тұр. 

Сондай-ақ, коронавирус инфекциясымен сырқаттанып жатқандарға амикацин, азитромицин, натрий гепарині, дексаметазон, дексамедетомидин, басқа да антибиотиктердің түрі бар екен.

Бақылаушылар «СК-Фармация» мекемесінің Атырау облысындағы қоймасын көрді. 

Мекеме өкілдерінің айтуынша бір айлық қор ғана сақталады екен.

Әрбір емдеу орындары өздеріне қажетті медициналық тауарларды жылдың басында есебін береді. Сол бойынша ай сайын барлығын жеткізіп отырамыз. Біздің қоймаларда бір айлық сұраныстар сақталады. Оған қоса қосымша тапсырыстар болуы мүмкін. Оны да медициналық мекемелердің сқранысымен жеткіземіз. Үлкен көлемді зат сақталмайды,-дейді «СК-Фармация» Атырау облысындағы өкіліАйжан Қаженова. 

Қоғамдық бақылаушылар әрбір медициналық мекемедегі байқалған кемшіліктерді ашып айтты.

Тексеру барысында барлық талапқа сай болған денсаулық сақтау нысанының бірі – Атырау қалалық №7 емханасы. Мұнда «дәрі жетпей қалады» деп алаңдауға еш негіз жоқ екен. Қауіпті індетті емдеуге арналған тізімдегі барлық дәрілер қоры 38 500 тұрғын тіркелген емхана үшін жеткілікті. Қазір талап үдесінен шығып тұрған Атырау қалалық №7 және Геолог емханасындағы жұмыс жоғары жауапкершілікпен атқарылғаны байқалады. Қалай десек те, ақжелеңділер коронавирусқа қарсы емдомды жүргізгенде қажетті дәріден тапшылық көрмеуі тиіс. Олар өз жұмыстарын ретімен және белгіленген тәртіпке сай жүйелі түрде атқаруы үшін облыста дәрі-дәрмек қорының жеткілікті болғаны жөн. Ал, тұрғындар дәріхана жағалап, сағаттап кезек күтіп, қала берді өзге қаладан, көршілес мемлекеттен дәрі іздеп сандалып кетпесе болғаны, - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы