Қоғам белсендісі Бозжырада туристік нысанның салынуын қолдайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қоғам белсендісі Азамат Сәрсенбаев Бозжырада туристік кешеннің салынуына қатысты пікір білдірді.
Егер шетелдік инвестор Маңғыстау облысындағы туристік нысанды игеріп, өркениетті етсе, өзге әлеуетті инвесторлар қолжетімді туристік орындарға (Тамшалы, Жығылған, Саура, Боқты, Қапамсай) инвестиция салады. Мен осы бағыттағы даму нысандар жанында орналасқан қалалар мен кенттердің тұрғындары үшін жаңа өмір беретініне сенімдімін, - деді Азамат Сәрсенбаев.
Қоғам белсендісінің айтуынша, барлық туристік инфрақұрылым шығыс немесе оңстүтік өңірлерде шоғырланған.
Біздің қай жеріміз кем? Өкінішке қарай, батыс өңірлерге әлі күнге дейін елдің шикізат өндіруші бөлігі ретінде қарайды. Себебі бізде мұнай өндіріліп жатыр және басқа ештеңе жоқ, ол таусылғанда кезде не болады? Қазірдің өзінде «мұнайшы», «бұрғылаушы» мамандықтары 10 жыл бұрынғыдай әсер бермейді, - дейді Сәрсенбаев.
Оның айтуынша, батысқа туризмді дамыту ауа ретінде қажет.
Сондықтан облыс тұрғындары осы жобаны бірігіп, біздің игілігіміз үшін қорғауы керек. Тағы бір рет айтайын, біздің жерді ешкім сатпайды және оған көп зиян келтіруге жол жоқ. Егер мұндай фактілер анықталса, онда жергілікті тұрғындар, соның ішінде мен де оны қорғау үшін бірінші қатарға тұрамыз, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы