Кофеден ми қартаюының алдын алатын заттек табылды

Кофедегі өсімдіктектес заттек тригонеллин (TG) ми қызметінің бұзылыстарының алдын алып, есте сақтау қабілетін жақсартады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

GeroScience басылымының мәліметінше, Жапониялық Цукуба университетінің ғалымдары жүргізілген зерттеулерден кейін осындай қорытындыға келген.

Мамандар өзі тұқымдастардан ертерек қартаятын генетикалық модификацияланған тышқандарға эксперимент жүргізді. Тәжірибе барысында кеміргіштерге 30 күн бойы кофенің, сонымен қатар бойдана дәндерінде және шомырдың құрамында болатын тригонеллинді беріп отырған. Нәтижесінде кеміргіштердің ми қызметінің жақсарғаны байқалған.

Белгілі болғандай, тригонеллин курсынан кейін жануарлар ақпаратты тезірек қорытып, жақсы қабылдай бастаған. Осылайша олар арнайы лабиринт тәрізді бассейнде құрғақ жерді жылдам таба алған. Сондай-ақ тышқандардың нерв жүйесінің дамуы, митохондрия қызметі жақсарған. Бұдан бөлек тригонеллин нерв жүйесіндегі қабыну процестерін басып, дофамин, норадреналин және серотониннің берілу жылдамдығын арттыруға септескен. Соның арқасында жас шамасына байланысты қартайып бара жатқан миға тән когнитивтік бұзылыстар орнына келе бастаған.

Осыған орай ғалымдар тригонеллин алдағы уақытта есте сақтау қабілеті бұзылыстарының алдын алуда қолданылуы мүмкін деген қорытындыға келді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы