Кофе ішкенде неліктен адамды ұйқыға тартатыны анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Негізінен кофе ұйқыны ашып, адамға сергектік сыйлайтын сусынның бірі. Алайда кей жағдайда оны ішкен адамды ұйқыға тартады. Мамандардың айтуынша, бұл теобромин деп аталатын заттекке байланысты дейді.

«Вечерняя Москваның» мәліметіне сүйенсек, уролог-дәрігер Александр Дзидзария кофеде екі маңызды компонент бар екенін айтты. Ол екеуінің қарама-қайшы әсері бар. Кофеин адамға сергектік сыйлағанымен, оның әсері тез бәсеңсіп қалады. 20-30 минут өткен соң, теобромин әсер ете бастайды. Бұл кезде адамның қан қысымы төмендеп, ұйқысы келіп кететін көрінеді.

Осылайша кофе тек қысқамерзімді әсер береді. 

Маманның айтуынша, кофе дәндерін ұнтақтағаннан кейін бірден кофе қайнатқан дұрыс. Кофеин кофе дәндерінен ең соңғы болып шайылып кетеді. Сол себепті американо кофесі ристреттодан қарағанда адамды көбірек сергек етеді.

Бұған дейін дәрігерлер кофенің арықтатын қасиеті бар екенін айтқан. Олардың сөзінше, кофенің әсері бар екені рас. Алайда тек бір кофе ішіп, бірнеше келі тастау мүмкін емесі белгілі.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы