"Кофе ішіп отырады": Сол жағалаудағы адамдарға қатысты сынға жауап берілді
Қарағойшин холдинг жұмысының нақты нәтижелері бар екенін атап өтті.
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин брифингте «сол жағалаудағы адамдар» туралы айтылған пікірге байланысты жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Журналистер Президенттің "сол жағалаудағы адамдар" туралы мәлімдемесінен кейін холдинг басшысы "кофеден бас тартты ма және қызметкерлер бос талқылауларына қатысып жүр ме" деген сұрақ қойды.
Қарағойшин холдинг жұмысының нақты нәтижелері бар екенін атап өтті.
Өткен жылғы қорытындыларды өздеріңіз де көрдіңіздер, көрсеткіштер 2023 жылмен салыстырғанда шамамен 3 есе өсті. Мемлекет басшысы бұл жұмыс ел экономикасының өсіміне үлес қосу қажеттігінен туындағанын айтты. Сондықтан нақты айта аламын: “Бәйтеректегі” қызметкерлер тұрақты түрде жұмыс істеп жүр, кейде тіпті артық жұмыс істеуге мәжбүр. Бұл – қосымша жүктеме. Қызметкерлеріміздің бір жерде кофе ішіп, қандай да бір талқылауларға қатысып отырғанын байқамаймын, – дейді ол.
Ол көбіне азаматтарды өз кабинетінде немесе «Бәйтерек» холдингінің ғимаратында арнайы бөлінген қабылдау бөлмелерінде қабылдайтынын айтты. Сондықтан мұндай жағдайларды байқамағанын жеткізді.
Еске салсақ, бұған дейін Президент "Самұрық-Қазына" қоры және ұлттық компаниялардың басшыларымен қатаң әңгіме болғанын айтқан еді.
Ал Мәжіліс депутаты "кофе ішіп отырған 10 мың адамды қысқарту керек" деп мәлімдеген болатын.