Тоқаев: Үкімет салық кодексінде қарастырылмаған барлық төлемге тыйым салуы керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 5% қосымша зейнетақы жарнасын енгізуді кейінге қалдыруды тапсырды. Ол бұл мәлімдемесін Қазақстан халқына арналған жолдауында жасады.

«Сондықтан, мен үкіметке қосымша 5% зейнетақы аударуды 2023 жылға дейін шегеруді тапсырамын.  Содан кейін біз бұл мәселеге қайта ораламыз. Осы уақыт ішінде үкімет, бизнес өкілдері мен сарапшылар болашақ зейнеткерлердің де, жұмыс берушілердің де мүдделерін ескере отырып, әртүрлі нұсқаларды қарастырып, келісілген шешім қабылдауы керек. Үкімет салық кодексінде қарастырылмаған барлық төлемдерге тыйым салуы керек. Бұл қосымша салықтар», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, 2020 жылдан бастап жұмыс беруші зейнетақы қорына қосымша 5% салым түсіріп отыруға міндеттелген болатын. Жұмыс беруші еңбеккерлері үшін қосымша 5% зейнетақы қорына аударуы міндеттеліп, нәтижесінде тұрғындардың жалпы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шотына түсетін салым 15%-ға теңеседі делінген еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы