Қобызшы қыз отандық өнім өндіруге бет бұрды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Танымал қобызшы балаларға арналған қолжетімді киімдер топтамасын шығарды.
Қобыз үнін Қазақстанда ғана емес, әлем сахналарында әуелеткен Ақерке Тәжібаева отандық тауар өндірушімен бірлесіп, аналар мен қыздарға арналған қолжетімді киімдер топтамасын тігуді бастады. Көктем мен жаздық топтама қобызшының тұңғыш қызының құрметіне “Айкөркем” деп аталды.
Аталмыш жаңа брендті Mama land Қазақстан аналар қауымдастығы да қолдады. Бұл - еліміздегі аналар мен қызын қолдау мақсатында қолға алынған іс. Себебі шетелдің қымбат немесе сапасыз дүниесін тұтынғанша, отандық сапалы әрі қолжетімді киімдерді кигенін мақсат тұттық, - дейді идея авторы Ақерке Тәжібаева.
Отандық өнім өндіруді қолға алған қобызшыны тұтынушылары әлден жылы қабылдап, игі істеріне сәттілік тіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ертіс өңірінде 150 инвестициялық жоба жүзеге асырылады
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы