Көбінің айлығы белгілі ғой: Сенатор жастардың үй алу жағдайы төмен екенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенатта өткен парламенттік тыңдау кезінде сенатор Нұртөре Жүсіп жастардың тұрғын үй бағдарламасын басқа өңірлерде де іске қосуды ұсынды.

Сенатор тұрғын үй мәселесіне де назар аударды.

Елімізде «7-20-25», «5-10-15» және басқа да бірқатар тұрғын үй бағдарламасы бар. Бірақ жастардың баспана алуына қол жете бермейді. Біріншіден, жастардың алғашқы жарна төлеу қабілеті өте төмен. Көбісінің айлығы белгілі ғой. Екіншіден, пайыздық мөлшерлеме өте жоғары. Осыны төмендетуге неге болмайды? – деп сұрады Парламент Сенаты депутаты Нұртөре Жүсіп.

Оның айтуынша, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында қолға алынған жастардың үй алу бағдарламасы бар.

Енді осы бағдарламаларды өзге өңірлерге де таратуға болмай ма?  Қолданған дұрыс болады деп есептеймін, - деді сенатор.

Еске сала кетейік, бүгін Сенатта «Жаңа Қазақстан: жастар және жаңғыру» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау өтіп жатыр.

Бұған дейін Парламент Сенаты төрағасы Мәулен Әшімбаев ауылдық және қалалық мектептерде білім сапасында алшақтық барын айтқан болатын.

Сонымен қатар парламенттік тыңдауда еліміздегі жастардың тұрғын үй мәселесі де талқыланды.

Онымен қоса, депутат Нұртөре Жүсіп жастардың білімі мен мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мәселесін көтерген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы