Көбінесе 31 жастан 50 жасқа дейінгі адамдар донор болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде елордада қызмет түріне қарамастан 18 жастан асқан барлық тілек білдіруші қан доноры бола алады.

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында елордада донорлық қан тапшылығы бар ма және қан тапсырудан не үшін қорықпау керектігі айтылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елордалық орталықта атап өткендей, қалада донорлық қан тапшылығы жоқ.

Біздің қан банкімізде барлық топтағы донорлық қан жеткілікті. Бірақ үнемі қан жеткізудің қажеттілігі бар, өйткені оны шектеулі уақытқа ғана сақтауға болады. Қауіпсіз қан ылғи да қажет. Сол сияқты керек уақытта жерде қолжетімді болуы үшін дені сау адамдардың жеткілікті саны (ал бұл күн сайын шамамен 150-200 донор) біздің орталықта тұрақты түрде қан тапсыруы тиіс, ал ел бойынша бұл күн сайын шамамен 1000 донор, - деп хабарлады ТҒӨО баспасөз қызметі.

Қан донорлары – бұл әр түрлі жастағы және қызмет саласындағы жандар. Донорлық қанды дайындауға күш құрылымдарының, оның ішінде полиция, ТЖД, әскери бөлімдердің, сондай-ақ медициналық ұйымдардың (елорданың ауруханалары, емханалары) қызметкерлері үлкен көмек көрсетеді. Соңғы екі жылдағы статистика көрсеткендей, донорлардың көпшілігі ер адамдар. Көбінесе 31 жастан 50 жасқа дейінгі адамдар қан тапсырады.

Интернеттегі жалған ақпараттарға байланысты жұрт донорлар қатарына қосылудан тартынуы мүмкін. Қан мен оның компоненттерін тапсыру кезінде қандай да бір ауруды жұқтырып алуы мүмкін деген жалған пікір бар. Алайда, барлық донорлық пунктер бір реттік, стерильді жабдықтармен, жеке жүйелермен қамтамасыз етілген. Бір рет пайдаланылатын шприцтер мен инелер донордың қатысуымен ғана ашылады. Пайдаланғаннан кейін олар жойылады.

Донация – бұл өте қарапайым рәсім, сондықтан одан қорықпау керек мамандар. Жаңадан алынған қанды тапсыру 15 минуттан аспайды, қан компоненттерін (плазма, тромбоциттер) тапсыру 30 минуттан ұзаққа созылады, бірақ бір жарым сағаттан аспайды, оған қоса дәрігердің тексеруіне уақыт кетеді. Арнайы жұмыс күндері қан тапсыра алмайтындар демалыс және мереке күндері тапсыра алады, сондай-ақ компанияда немесе ЖОО-да көшпелі донор күнін ұйымдастыру мүмкіндігі бар.

Донорлық іс сау адамның денесіне зиян тигізбейді, ал қан тапсыру тәуелділікке алып келмейді. Себебі адам ағзасы қан шығаруға эволюциялық түрде бейімделген. Ұзақ уақыт бойы қан тапсыратын донорларда ешқандай ауытқулар болған емес. Ғылыми негізделген дозаларда қан тапсыру кейбір ынталандырушы әсерге ие, сондықтан донорлар негізінен белсенді және көңілді жүреді. Тұрақты қан тапсырушылар ағзаны «көп қан шығаруға» мәжбүр етпейді, бірақ олар оны қан жоғалтқаннан кейін тезірек қалпына келтіруге үйретеді, - деп толықтырды орталық.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы