ҚМДБ төрағасы Ресейдің наиб мүфтиімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Дамир Мухетдиновты қабылдады.

Кездесуде Қазақстан және Ресей мұсылмандары діни басқармалары арасындағы оқу-ағарту, баспа, уағыз-насихат т.б салалар бойынша әріптестік байланысты нығайту мәселесі сөз болды.

Қазақстан мен Ресей мұсылмандары діни басқармалары арасындағы бауырластық байланыс күн санап артып келеді. Өзіңіз жақсы білесіз, біздің имамдар Мәскеу қаласында біліктілікті арттыру курсына қатысты. Игі іс-шараларымызға қатысып, бастамаларымызға қолдау көрсетіп келе жатқан Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасы және Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы, шейх Равиль Гайнутдинге алғысымды білдіремін. Алла разы болсын!, – деді ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы. 
Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Дамир Мухетдинов Наурызбай қажыға ризашылық ниетін білдірді.
Құрметті Наурызбай қажы Тағанұлы! Өзіңіз басқаратын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жұмысы уақыт өткен сайын жанданып келеді. Сіз біздің халықаралық деңгейдегі игі іс-шараларымызға белсенді түрде қатысып келесіз. Біз мұны әрқашан жоғары бағалаймыз әрі ризашылық ниетімізді жеткіземіз, – деді Дамир Мухетдинов.
Кездесуде екіжақты ынтымақтастықты дамыту жайы сөз болып, имамдарды оқыту, дін қызметкерлерінің біліктілігін көтеру, өзара тәжірибе алмасу, баспа саласы бойынша ортақ жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.    
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы