ҚМДБ «Спутник V» вакцинасына қатысты пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы елімізде жаппай салынып жатқан «Спутник V» вакцинасына қатысты пікір білдірді.
Ислам дінінде адамның өмірі мен денсаулығынан асқан құндылық жоқ. Сондықтан әрбір адам өз денсаулығына аса мән беруі қажет. Алла Тағала «Бақара» сүресінің 195-аятында: «Өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар», – деп бұйырған. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Емделіңдер, расында Алла әрбір дертті шипасымен қоса жаратты», – деген. Дана халқымыз: «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде», – деген. Сол үшін кез келген адам емделудің және аурудың алдын алу жолдарын қарастыруы тиіс, – дейді ҚМДБ.
Арнайы медицина мамандары қазіргі таңда әлемге қауіп төндірген коронавирус індетінің алдын алу үшін вакцинациялаудың адам денсаулығын сақтап қалудың қауіпсіз және тиімді әдіс екенін айтуда.
Ал шариғат бойынша зәру жағдайда екпе салуға болады. Алайда екпе салдыру – әр азаматтың өз еркі. Алла Тағала халқымызды жұқпалы індеттен сақтап, науқас жандарға шипа нәсіп етсін, – делінген ҚМДБ таратқан пікірде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада ардагерлерге арналған орталық ашылды
Өзгелердің жаңалығы