Клиникалық хаттама бойынша инфузиялық терапия қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, жедел медициналық көмек, анестезиология және қарқынды терапия кафедрасының меңгерушісі Нұрила Малтабарова "КВИ бойынша ағымдағы жағдай" талқыланған ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн өткен баспасөз конференциясында клиникалық хаттама бойынша ем қандай екенін айтып берді.
Клиникалық хаттамада жазылған инфузиялық терапия туралы айтып бергім келеді. Клиникалық хаттамада инфузиялық терапияны қатаң, жеке тағайындау бойынша қолдану керегі жазылған. Инфузиялық терапия дегеніміз – көктамыр арқылы инфузия препараттарын егу, - деді ол.Маман айтқандай, өкпе қабынуы кезінде организмге баратын сұйықтықтың мөлшері қысқартылады.
Клиникалық тұрғыдан өкпенің қабынуын көрсек, организмге егілетін тәуліктік сұйықтықты 30 пайызға дейін қысқартамыз. Клиникалық хаттамада организмнің тәуліктік қажеттілігін толтыру ауыз арқылы жүргізілетіні нақты жазылған. Клиникалық хаттамада дәрігерлер қателік жасамау үшін барлық тәртіп көрсетілген. Құжатта инфузия препаратын көктамыр арқылы егу төтенше жағдай, жағдай ушыққан кезде ғана қолдану керегі көрсетілген, - деді маман.Естеріңізге сала кетейік, маман науқастардың көз жұмуының себептерін түсіндірген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Маман науқастардың көз жұмуының себептерін түсіндірді
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы