Климаттың өзгеруі ұлттық экономиканы құлдыратады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы БҰҰ, Ұлыбритания және Италия елшілігі еліміздің жастарымен өткен кездесу барысында Қазақстандағы БҰҰ тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори хабарлады. Ол әлемді барынша қауіпсіз етіп, адамзат пен ғаламға лайықты өмір сыйлау қажеттігін алға тартты.
Климаттың өзгеруі қатты байқалады. Ол өзгерістер жылыну, су басу, орман өрттері мен құрғақшылықты тудырып, жануарлар мен өсімдіктердің жоғалып кетуіне себеп болуы мүмкін. Оның салдарын Қазақстаннан да байқап отырмыз. Ауа райының төтенше жағдайлары салдарынан болатын шығындар да өсуде. Ол 330 млрд АҚШ долларын құрайды. Климаттың өзгеруі ұлттық экономиканы құлдыратып, миллиондаған адамның өміріне ықпал етеді, - деді Микаэла Фриберг-Стори.
Оның айтуынша, әлем елдеріне жаһандық температураның 2,7 Цельсий градусқа апатты түрде арту қатері төніп тұр.
Сол себепті климатты қалпына келтіру үшін шамамен 20% инвестиция «жасыл» экономиканы қолдауға бағытталатын болады. Егер біз көміртектің жаһандық шығарындысын 45%-ға қысқартпасақ, арада 100 ай өткенде, яғни 2030 жылға қарай 1,5 градус температурамен болашаққа қол жеткізу қиын, - деп атап өтті БҰҰ тұрақты үйлестірушісі.
Еске сала кетейік, бұған дейін ол адамзат 2030 жылға дейін таза қоршаған ортаға қол жеткізуі тиістігі туралы айтқан болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы