Климат өзгерісінің зардабын бүкіл әлем тартып отыр

Әлемдік банктер климат өзгерісін реттеуге атсалысады. Жер бетіндегі кедейліктің 40%-ы осы климаттың салдары, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Біріккен ұлттар ұйымы бүгінгі күнді халықаралық банк күні деп атап, оны кедейлік, яғни, климат салдарынан болған әлеуметтік теңсіздікпен күресуге арнаған. Жалпы климат өзгерістеріне, табиғи апаттарға адамзат қаншалықты дайын? Бұл жерде банктер атқаратын рөлі қандай? 

Жаһандық жылыну күшейген сайын қаржы саласына түсетін ауыртпалық та арта түседі. Табиғи апаттардан банктердегі кепілдегі мүлік құнының төмендеуі мүмкін. Яғни, бұл борышкерлердің несиесін уақытылы төлемеуіне әкеледі. Осы салаларға немесе көлік сияқты қазбалы отынға тәуелді салаларға қомақты қаражат салатын банктер, сақтандырушылар және басқа қаржы институттары компаниялардың бір мезгілде банкроттыққа ұшырауына төтеп бере алмауы мүмкін. 

Климат өзгерісімен күресуге қарсы Париж келісімінен кейін АҚШ-тағы алты ірі банк – JP Morgan Chase, Citi, Wells Fargo, Bank of America, Morgan Stanley және Goldman Sachs қазбалы отын ресурстарын қаржыландыруға 1,8 трлн АҚШ доллар бөлген.

Қоршаған ортаны қорғап қалу үшін компаниялар, банктер, үкімет қазба отын түрлерін инвестициялауды, қазбалы отынмен байланысты барлық субсидияларды, қазба отынын пайдалануды дереу тоқтатуға тиіс. Қазба отындары сияқты климат өзгерісіне тікелей ықпал ететін салалар сақтандыру компанияларына тәуелді. Өйткені мұнай, газ және көмір инфрақұрылымының көп бөлігі сақтандырусыз жұмыс істемейді, - дейді  АҚШ қаржы министрінің орынбасары Сара Блум Раскин.

Мұнай-газ саласындағы мүлікті сақтандыру және жазатайым оқиғалардан сақтандыру нарығы 17,3 млрд АҚШ долларына бағаланады. Оның ең ірі үлесі америкалық сақтандыру компанияларына тиесілі. Олар ұсынатын андеррайтинг қызметтерінен басқа, сақтандыру компаниялары қазба отынының екінші ірі инвесторлары. 2016 жылы сақтандыру компаниялары мұнай-газ компанияларына 221 млрд АҚШ доллары және көмір компанияларына шамамен 2 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйған. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы