Климат дағдарысы – адам құқықтарының дағдарысы – БҰҰ комиссары
Қазақстанға ресми сапармен келген БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссар Тюрк Фолькер қазақстандық студенттермен кездескенде жастардың климаттың өзгеруіне, экологияға көп көңіл бөлетінін байқағанын жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ол мұны Астанада өткен баспасөз мәслихатында айтты. Сондай-ақ климат дағдарысы адам құқықтарына қатысты екенін жеткізді.
Климат дағдарысы – адам құқықтарының дағдарысы. Басқа елдердің тәжірибесінен де осы дағдарыстың адамдарға зардап шектіріп жатқанын көріп жатырмыз. Адам құқықтарына қатысты заңдар компас ретінде пайдаланылып, климаттың өзгеру салдарының алдын алу керек, – деді ол.
Сонымен қатар, адам құқықтарына қатысты уәделер жерде қалмайтынына сенетінін айтты.
Мен бүгін Президентпен, Сыртқы істер министрлігінің міндетін атқарушымен, конституциялық соттың төрағасымен кездескенде әртүрлі керемет сөздер естідім. Ал енді осы адам құқықтарына байланысты берілген уәделер жерде қалмай, іске асқанын көргім келеді, – деді ол.
Бұған дейін комиссар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі қалай өткеніне тоқталған болатын.