Клеопатра біз ойлағандай сұлу болмаған – ғалымдар
Алматы, BAQ.KZ. Салли Энн Эштон есімді египтолог-маман Клеопатраның түрі қандай болғанын көрсету үшін оның келбетін қайта қалпына келтірді. Бұл туралы clutch.ua порталы хабарлады.
Ханшайымның түрін зерттеу үшін Салли оның түрі бейнеленген тиындарды қолданған. Сонымен қатар, Дендера қаласындағы ғибадатхана қабырғасындағы бедерлі суреттерді пайдалана отырып талдау жасаған.
Нәтижесінде мамандар Клеопатра біз ойлағандай сұлу болмаған деген ойға келген. Ханшайымның мұрны үлкен болған, иегі шығыңқы әрі еріндері жіңішке болған. Дене бітімі де келісті болмаған. Бойы 152 см ғана және толықтау болған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Белгілі футболшы хоккейге ауысып кетті
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы