Классикалық шахматтан ҚР Кубогының финалдары өтеді

Жарыстар Алматы қаласында 11 қараша мен 20 қараша аралығына жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Финалдар нокаут жүйесі бойынша 16 шахматшы арасында өткізіледі, ерлер және әйелдер бөлек.

2024 жылғы Кубок кезеңдерінің қорытындысы бойынша 12 үздік шахматшы + ҚШФ атынан 4 номинант қатысады. Жүлде қоры: 23 000 000 теңге. ҚШФ номинанттары үшін өтініштер 10 қарашаға дейін office@kazchess.kz поштасына қабылданады, - деп хабарлады Қазақстан шахмат федерациясы.

Уақытты бақылау:

  • 90 минут + әр жүріске 30 сек
  • Қосымша матчтар (тең аяқталған жағдайда): рапид (15 минут + 10 сек) және блиц (3 минут + 2 сек)
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы