КХДР-ның Оңтүстік Кореямен диалог жүргізу ниеті жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сеул АҚШ-пен бірге әскери оқу жүргізіп жатқанына Солтүстік Корея наразы. Олар Корея Республикасы осының мәнін түсіндірмейінше Оңтүстікпен келіссөз жүргізу ниеті жоқ екенін хабарлады. Бұл туралы Солтүстік Кореяның (КХДР) жоғары шенді дипломаты Квон Чон Гананың хабарламасында айтылған, деп жазды Reuters.

«Олар әскери оқуларды тоқтатпайынша немесе нақты себебін түсіндірмейінше кореяаралық контакт қиындап кететінін түсіну керек», - деді Квон Чон Ган.

Бұдан бөлек, дипломат Оңтүстік Кореяның КХДР зымыран сынақтарын тоқтату туралы талабын «сандырақ» деп есептейді. 

«АҚШ президентінің өзі көптеген ел жасайтын зымыран сынақтары әр егемен мемлекеттің өз қауіпсіздігінің құқығы екенін айтқан болатын», - деді Квон. 

Сонымен қатар, солтүстіккореялық дипломат Оңтүстік Кореядағы әскери оқуларды «соғысқа дайындық жаттығулары» деп атады.

Бір халық үй ішінен үй тігіп, екі бөлек мемлекет болып отыр. Олар шекарасын Демилитаризация зонасымен (Demilitarized Zone – DMZ ) межелеп алған.

Оңтүстік Корея дипломаттарды қалай дайындайды?

Солтүстіктен Оңтүстік Кореяға келіп жатқан қашқындар саны азаяр емес. Соңғы кезде ерлермен қатар әйелдердің қарасы көбейген. Шекарада анасынан айырылып, қытайлық миссионерлерге алданып, тұрмысқа шығуға мәжбүр болғаны және бұдан басқа қиындықтары жайлы білдік.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы