Қазақстанда алғаш рет кітапханалардың онлайн форумы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен "Кітап карантинге қарсы: жаңа форматтағы кітапханалар" атты халықаралық онлайн-форум өтті.

Онлайн-форумға Ресей, Қытай Халық республикасы, Италия, Франция, Германия, Чехия, Малайзия, Түркия мемлекеттерінің ұлттық кітапханалары, сондай-ақ Еуропа, Азия және ТМД елдерінің басқа да ірі кітапханалары, Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханалары, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасы, Назарбаев Университетінің кітапханасы, Қазақстанның облыстық, аудандық, ауылдық кітапханалары, Нұр-сұлтан және Алматының орталықтандырылған кітапхана жүйесі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқу орындарының мамандандырылған кітапханалары қатысты.

Бүгінгі таңда әлемді жаңа вирус пандемиясы жаулап алып жатқан шақта адамдар оқшаулануға мәжбүр болып отыр. Осы кезде кітап оқу адамның мәдени-ағартушылық белсенділігін арттырудың негізгі құралына айналуда. Қазіргі уақытта осы заманғы ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылатын қашықтан басқару режиміндегі кітапханалардың жұмысы үлкен маңызға ие, - деді ҚР Ұлттық академиялық кітапхана директоры Үмітхан Дәуренбекқызы Мұңалбаева. 

Сонымен қатар, кітапхана директоры онлайн-форумды ұйымдастырудағы негізгі мақсатын атап өтті.

Форумды өткізудегі негізігі мақсатымыз - кітапхана саласының барлық маманына, ғалымдарға және қоғам қайраткерлеріне ұлттық құндылықтарды сақтау, қолдау, рухани-адамгершілік және мәдени аспектілерді, жаңа вирустың пандемиясы кезінде кітапхана жұмысының бағытын сақтау мәселелері бойынша пікірталастық кездесуге қатысуға мүмкіндік беру үшін ақпараттық және ғылыми-мәдени онлайн-алаң құру, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы