Кітапханаға кітап сыйла

14 ақпан -  Халықаралық кітап сыйлау күні! Осыған орай  ҚР Ұлттық академиялық  кітапханасында «Ауылға кітап» акциясы басталды, деп хабарлайлды BAQ.KZ тілшісі 

Түркістан облысы әкімдігінің бастамасымен өтіп жатқан шараның негізгі мақсаты «Алтын қорға үлес: Ауыл кітапханаларына 20 000 кітап» акциясын қолдау.

Түркістанға кітап жинау акциясы екі ай жалғасады. Сәуір айында арнайы осы акция аясында жиналған кітаптарды табыстаймыз. Жыл сайын жалғасады. Қазір кітапқа деген сұраныс жақсарды. Оны кітапханаға, кітапқа айтылған сындардан байқауға болады. Сондай-ақ,  облыс орталықтарында Астана, Алматы,  Шымкент қалаларында шыққан  жеке баспалардан шыққан кітаптар ауылға жете бермейді. Көп кітапханаларда кітап сатып алуға, кітап қорын толықтыруға қаржы бөлінбеген. Әлеуметтік маңызы бар кітаптар да қазір жақсы жолға қойылып шығып жатыр. Дей тұрғанмен, ол барлық ауыл кітапханаларын қамтымайды. Сондықтан осы орталықтардан ауыл кітапханаларына тікелей кітап қорларына жеткізу, қамтамасыз ету , - дейді ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Ғазиза Құдайбергенқызы

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы 2021 жылы пайдалануға берілген. Заманауи автоматтандырылған жүйемен қамтылған бұл кітапханада 356 000 кітап қоры бар.

Фараб әмбебап ғылыми кітапханасы оқырмандар сұранысына орай жасақталған. Оқырмандардың басым көпшілігі жастар. Кітапхана  Түркістан қаласындағы  2 университет пен колледж студенттерінің нағыз сүйікті орнына айналған. Тұрғындардың да кітапқа деген оқу ынтасы өте жақсы. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев  «Ауыл жылы» деп жариялағаны баршаңызға аян. Сондықтан біз осы рухани бағытта, ауыл кітапханаларына қолдау көрстеу мақсатында  акцияны бастадық. Ақын жазушылар, елшіліктер қолдау көрсетіп жатыр. Біз үшін бұл үлкен жаңалық. Бұл кітаптардың барлығы ауылдағы кітапханаларға таратылады,- дейді Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанар Сәдібекқызы

Қазіргі уақытта Түркістан облысындағы ауылдарда кітапхана қорлары жаңартылып, арнайы сканерлерді алу жоспарланған.

Әсел Әбілбек

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ұлттық академиялық кітапхана
Өзгелердің жаңалығы