Алматыда балалар кітапханасы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Әуезов көшесі, 175 мекенжайында орналасқан И. Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасы ашылды.

Бұл туралы Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев Іnstagram-дағы парақшасында жазды.  

Ауқымды жөндеу жұмысынан кейін мұнда заманауи әрі жайлы оқу залдары мен түрлі үйірмелерге арналған орындар пайда болды.⠀

«Алтын шаңырақ» мәдениет пен тарихты зерделеу орталығымен қатар зияткерлік ойын мен домбыраны, компьютерлік сауаттылыққа оқытатын жаңа орталықтар ашылуда. Сондай-ақ, мұндағы әртүрлі жастағы балаларға арналған «Креативті шығармашылық», «Жас ғалым» клубтары мен «Оқимыз, үйренеміз, ойнаймыз» үйірмесі де қызыққа толы орта, - деп жазды әкім.

Кітапхана сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін демалыссыз жұмыс істейді. Болжам бойынша, кітапханаға жылына 250 мыңға жуық адам келеді. Бүгінде 25 кітапхананың 16-сы жаңа форматта жұмыс істейді. Биыл қалған кітапханаларға жаңғырту жұмыстарын жүргіземіз.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы