Кісі қолынан қаза тапқан қорықшының суреті «Үркер» сыйлығына ие болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда өтіп жатқан баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер» ұлттық сыйлығының «Жылдың үздік фотосуреті» аталымының жеңімпазы белгілі болды.
Оспан Әли - egemen.kzАслан Мусенов - avesyin.kz
Досжан Балабеков - kazgazeta.kz
Жұмабай Мұсабеков- «Жетісу» газеті
Осылардың арасынан кісі қолынан тапқан қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің суретінің авторы - Оспан Әли жеңіске жетті.
Еске сала кетейік, аталған сыйлық баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктері үшін беріледі. Сонымен қатар, сыйлық өңірлердегі мультимедиалық журналистиканы дамытуға ықпал ету, журналистика мәртебесін көтеру, кәсіби стандарттар мен критерийлерді бекіту, қоғамның азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған.
Ұлттық сыйлықтың негізгі мақсаты - талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестерін тану және шығармашылықтарына қоғамның назарын кеңінен аудару болып табылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Үркер» сыйлығы-2019: «Танымдық материалдың» иегері - Аян Өрібай
Өзгелердің жаңалығы