Бүгiн 2026, 08:11
Фото: Сыртқы істер министрлігі
Кишинёвте Қазақстан мен Молдова консулдық мәселелер бойынша келіссөз өткізді
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында ақпарат алмасуды жалғастыруға уағдаласты.
Кишинёвте Қазақстан мен Молдова Сыртқы істер министрліктері арасында консулдық мәселелер бойынша консультациялар өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан делегациясын СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Азамат Аубеков, ал Молдова тарапын Консулдық істер жөніндегі бас басқарма басшысы Лилиан Морару басқарды. Кездесуге екі елдің құзырлы органдарының өкілдері де қатысты.
Тараптар өзара іс-қимыл деңгейін жоғары бағалап, сенім мен халықаралық құқық қағидаттарына негізделген ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендерін растады.
Келіссөздер барысында көші-қон саясаты, шекараларды басқару, құжаттарды өзара тану, консулдық қызметтерді цифрландыру, сондай-ақ азаматтарға құқықтық көмек көрсету мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында ақпарат алмасуды жалғастыруға уағдаласты.