Кіші Аягөз өзенінде су деңгейі көтерілді
Абай облысы Аягөз қаласында қардың қарқынды еруіне және күннің күрт жылынуына байланысты Кіші Аягөз өзенінде су деңгейінің көтерілгені байқалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, жергiлiктi атқарушы органдар Шәкенов және Желтоқсан атты екi көшедегі судың деңгейi одан әрi көтеріліп, арнасынан асуы жағдайына дайындық мақсатында бөгет салу бойынша алдын алу шараларын жүргізуде.
Жұмысқа 14 адам, 6 бірлік техника жұмылдырылған. Қазіргі уақытта үйлерді су басу қаупі жоқ. Судың елді мекендерге одан әрі жайылуына жол бермеу үшін қауіпті аймаққа 400 тонна инертті материал жеткізілді. Жағдай күрделенетін болса, Аягөз қаласы ТЖ бөлімінің күштері мен құралдары толық әзірлікте тұр, - делінген ТЖМ ұсынған ақпаратта.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада бес қабатты паркинг өртенген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Су тасқыны. Әскери қызметкерлер Ақтөбе облысына көмекке аттанды
Өзгелердің жаңалығы