−3

Кір жуатын машина қылмысты ашуға көмектесті

Кір жуатын машина қылмысты ашуға көмектесті

Оңтүстік Кореяда кір жуғыш машинаның көмегімен қылмыстың беті ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Independent басылымының мәліметінше, қылмыскердің шабуылдау сәті кір жуғыш машинаның есігіне түсіп қалған.

Оңтүстік Кореяда 24 жастағы ер адам өзінің бұрынғы сүйіктісін зорлап, заңсыз бас бостандығынан айыру кінәсін мойындамаған. Алайда соңғы сәтте ерекше айғақ оған артқа шегінерге жол қалдырмады. Оның шабуылдарының бірі кір жуғыш машинаның есігінде шағылысып бейнелену арқылы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Жоғары прокуратура тергеушілерге істің мән-жайын толық зерттегендері үшін алғыс білдірді, - деп жазды The Korea Herald.

Осылайша, кәмелетке толмаған қызға қорлық көрсеткен қылмысы дәлелденген ер адам жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы