Кипр президенті Қазақстанның елшісін қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Кипрдағы елшісі Дулат Қуанышев Кипр Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ел президентінің қабылдауында болды.
1 қазанда Кипр Республикасындағы ҚР елшісі Дулат Қуанышев Кипр Республикасының Тәуелсіздік күніне орай президент сарайындағы салтанатты іс-шараға қатысты.
Өз миссиясының аяқталуына байланысты Дулат Қуанышев ел президенті Н.Анастасиадистің қабылдауында болды.
"Кездесу барысында елші Кипр басшысына ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтау хатын табыс етіп Кипр басшысына Қазақстан-Кипр байланыстардың дамуы туралы, сонымен қатар Кипр Парламентінің төрағасы Д.Силлуристің Нұр-Сұлтанға сапарының қорытындылары туралы баяндады", - делінген хабарламада.
Н.Анастасиадис екіжақты қарым-қатынастардың даму деңгейін жоғары бағалап, Қазақстан басшылығына ыстық ықыласын білдірді. Сондай-ақ ол дипломатқа алдағы қызметіне табыс тіледі.