KIOSH-2019: Бүгінгі көрменің масштабы жоғары – ресейлік маман

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "KIOSH-2019" IX Халықаралық көрмесіне Қазақстан, Қытай, Ресей және Түркиядан 43 компания қатысып жатыр.

«Микроакустика» жауапкершілігі шектеулі қоғамының бас технологы Сергей Кузьмин бүгінгі көрмеге Ресейден келген. Ол өзінің кәсіпорнының өнімімен қысқаша таныстырды.

«Біздің кәсіпорын 90 жылдардың ортасынан бастап теміржолдағы ақаулардың болмауын бақылайтын жабдықтарды шығарады. Мысалға темір конструкциялардың бір жерінде сынық не жырық пайда болса, біздің жабдықтарымыз оны анықтап береді. Бүгін осы көрмеге сондайды анықтайтын құрылғыларымызды алып келдік. Ресейде өтетін осындай көрмелерге жиі қатысамыз. Қазақстанда ұйымдастырылған көрмеге алғаш рет келіп тұрмыз. Бүгінгі көрменің масштабы жоғары. Ал, өнімді қай ел алады дегенге келсем, көбіне құрылғалырамызды ТМД елдері алады. Ресейдің барлық өңірінде дерлік біздің жабдықтарымыз қойылған. Қазақстан да сатып алады. Сонымен қатар, Украина, Грузия, Өзбекстан да бар. Тағы бір айта кетерлігі, біздің жабдықтарымыз арқылы қауіптің алдын алуға болады. Басты ерекшелігіміз сол», - деді ресейлік маман.


Бүгін Нұр-Сұлтанда "KIOSH-2019" IX Халықаралық көрмесінің екінші күні өтіп жатыр. Көрме аясында IX Халықаралық көрме мен еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша конференция өтті. 


Жиын барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Қазақстанда 373 мың адам зиян еңбек жағдайында жұмыс істейтінін және ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым өндірістік жарақат саны бойынша Қарағанды облысы көш бастап тұрғанын айтқан болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы