Кинотеатр қызметкерлеріне жалақы төленеді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Жұмысын уақытша тоқтатқан кинотеатрдың жұмысшылары Еңбек кодексінің 112-бабына сай басшылық тарапынан төменгі деңгейде жалақы алады, яғни 42 мың теңге көлемінде.
Бұл туралы Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов брифингте айтты. Оның айтуынша, Алматыда 25 жуық кинотеатр бар және бірінші кезекте кино индустриясы, прокатқа шығарушылар, кинотеатрлар коронавирустың салдарын сезінуде.
Бұл жағдай отандық киноөндірушілерге де теріс ықпал етіп отыр. Мәселен, жақын уақытта Нұртас Адамбайдың жаңа туындысы еліміздің кинотеатрларында қойылу керек еді, алайда эпидемиялық шараларға байланысты ол кейінге қалдырылды. Бұл жағдайды форс-мажорға жатқызамыз, өйткені көптеген кинотеатр табыстан қағылып отыр, - дейді ол.Сондай-ақ, ол үш жылдан бері бұл салада жақсы өсім байқалғанын жеткізді.
Бұрын экономикадағы киноиндустрияның үлесі 0,1% болса, қазір бұл екі-үш есеге артқан. Жұмысын уақытша тоқтатқан кинотеатрдың жұмысшылары Еңбек кодексінің 112-бабына сай басшылық тарапынан төменгі деңгейде жалақы алады, яғни 42 мың теңге көлемінде. Жұмыс берушілер бұны жақсы түсінеді, алайда эпидемияға байланысты бұл үрдіс қай уақытқа дейін созылатыны белгісіз. Қазір орта есеппен бір кинотеатрда 35 адам жұмыс істейді. Сондай-ақ осы мәселеге байланысты кинотеатрдың әрбірімен жеке жұмыс істеп жатырмыз, - деді Нариман Әбілшайықов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Дүрбелеңге ешқандай себеп жоқ - Сұлтанов
Келесі жаңалық
Теміртауда әйел адам қоқыстың кесірінен өртеніп кете жаздады
Өзгелердің жаңалығы