Киносыншылар қауымдастығы үздік қазақ фильмдерін атады

Қазақстан киносыншылары қауымдастығы жыл сайынғы қазақ киносындағы «Сыншылар таңдауы 2023» жеңімпаздарын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Марапаттау рәсімі AlmaU Алматы университетінде өтті.

Cыншылардың таңдауы тарихында алғаш рет бас жүлдені дебюттік картина жеңіп алды. 

Сыншылар режиссер Дархан Төлегеновтың алғашқы толықметражды туындысы – «Ағайындылар» фильмін үздік кинодрама деп таныды. 

Үздік жанрлық фильм номинациясын "Дос-Мұқасан" (продюсер Айгуль Байбек) жеңіп алды. 

Ал үздік дебют ретінде Айсұлтан Сеитовтың "Қаш" фильмі таңдалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: kazakhcinema.kz
Өзгелердің жаңалығы